Қырғызстан мүфтиі: Діни білімі жоқ адам ғана озбырлық жасайды

Фотография - Қырғызстан мүфтиі: Діни білімі жоқ адам ғана озбырлық жасайды

Исламда экстремизм деген түсінік жоқ.

829 0

Алматыдағы халықаралық форумда Қырғызстан делегациясын бастап келген Бас мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамушов осылай мәлімдеді.

Оның пікірінше, діннің қарапайым қағидаларынан мүлдем хабары жоқ адам өзгелерге озбырлық жасап, қанын төгеді.

"Біз қазір діни экстремизм мәселесін талқылап отырмыз. Исламда экстремизм деген түсінік жоқ. Мұсылман адам өзгенің қанын төгу былай тұрсын, оған қылдай қиянат жасамауы тиіс. Террорлық әрекет жасап жүргендер – дін жамылған қара ниетті адамдар. Мұсылманды мұсылманға қарсы қойып, бүлік тудырып жатқандар – дін дұшпандары. Діни білімі жоқ адам ғана озбырлық жасайды", – деп атап өтті Қырғызстаннан келген мәртебелі қонақ.

Бүгінгі халықаралық форум соңында Орталық Азия ғұламаларының қарары қабылданады деп күтілуде. 

muftyat.kz


Тегтер:

Алматы ҚМДБ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!