Александр Винокуров Шымкентке келді

Фотография - Александр Винокуров Шымкентке келді

Александр Винокуров спортқа жанашыр болып жүрген Ғабидолла Рахметоллаұлына бағалы велосипед тарту етті.

124 0

Олимпиада чемипионы Александр Винокуров Шымкентке келді. Әйгілі велошабандоз қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге қалалық №2 жеңіл атлетика мен велосипед спорты мектебінің жас спортшыларымен кездесті. Салтанатты шарада шаһар басшысы елімізді әлемге танытып жүрген чемпионға "Қазақ хандығының 550 жылдығы" көркем картинасын сыйлады. Бұл туралы Шымкент әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды.

Өз кезегінде Александр Винокуров спортқа жанашыр болып жүрген Ғабидолла Рахметоллаұлына бағалы велосипед тарту етті. Сонымен қатар Олимпиада чемпионы аталмыш мектеп ұжымына "Vino" брендінің кәсіби спорттық велосипедін сыйлап, жас талапкерлердің алаңсыз жаттығуына жағдай жасады.

Александр Винокуров

Салтанатты шараның соңында құрметті қонақтар жасөспірімдермен бірге естелік суретке түсіп, Александр Винокуров өзі қолтаңба қалдырған кітабын берді. Сондай-ақ шара барысында спортшы шаһар басшысына Шымкенттен велоспорт федерациясын ашуға ұсыныс жасады.

Велосипедшілер

otyrar.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!