Қазақстанда жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші Астанада тіркелген

Фотография - Қазақстанда жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші Астанада тіркелген

Бұл туралы Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушкан мәлім етті

239 0

Қазақстан бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші Астанада тіркелген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушкан мәлім етті.

"Бүгінде экономикалық белсенді халықтың саны 428 мыңға жетті, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 22 мың. Жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға төмендеп, 4,6 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде бүгінде Астанаға көшбасшы (Қазақстан бойынша) позицияда тұрақтауға мүмкіндік берді", - деді О. Демушкан.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елордада халықты жұмыспен қамтудың 2015 жылға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Осы орайда қызметінен босаған жұмысшыларды еңбекпен қамтуға негізделген шаралар атқарылуда.

Бұл жоспарды жүзеге асыру аясында 7 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!