Алматы марафонына дайындық аясында күзгі жарысқа тіркелу басталды

Фотография - Алматы марафонына дайындық аясында күзгі жарысқа тіркелу басталды

Бүгін дәстүрлі Алматы марафонына дайындық аясында күзгі жарысқа тіркелу шарасы басталды

867 0

Бүгін дәстүрлі Алматы марафонына дайындық аясында күзгі жарысқа тіркелу шарасы басталды. Ол қатысушылардың саны 300-ге жеткенше жалғаса бермек. Өйткені, жарыс өтетін Ботаникалық саябақтың жарыс жолына бұдан артық қатысушы симайды.

"Күзгі жарысқа қатысушыларға екі қашықтық ұсынылады. 10 жас пен 14 жас аралығындағы жасөспірімдер 2 шақырымға, ал 15 жастан 34 жасқа дейінгілер мен 35 жас пен 49 жас аралығындағылар және 50 жастан асқандар 15 шақырымға жүгіреді. Бұл жерде олар жас категорияларына сәйкес, бөлек-бөлек жүгіретін болады. Әр жас категориясы бойынша 1, 2, 3-орын алғандарға бағалы сыйлықтар, естелік грамоталар мен арнайы медальдар табыс етіледі", - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы марафоны ұйымдастыру комитетінің PR-менеджері Татьяна Морозова. 

Айта кетелік, жарысқа саламатты өмір салтын ұстанатын кез келген азамат қатыса алады. Сонымен қатар, спорт шарасының талабына сәйкес, қатысушылар тіркелу барысында 1000 теңге көлемінде жарна төлейді. Ал 10 жас пен 14 жас аралығындағы жасөспірімдерге жарысқа қатысу тегін. Тіркелу онлайн режімінде www.almaty-marathon.kz сайтында жүргізіледі.

Сонымен, күзгі жарыс үстіміздегі жылы 21-ші қарашада, таңғы сағат 09:00-де Алматы қаласының Ботаникалық саябағында өтеді.

Жарыс алдындағы түгендеу шарасы таңғы сағат 08:00-де басталады.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!