Алматы облысында браконьерлерге қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Фотография - Алматы облысында браконьерлерге қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Фото: ©Алмаз Төлеке

Рейд барысында бірнеше заң бұзушылықтар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

1734 0

Алматы облысының мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен, өсімдіктермен жыртқыштар әлемін қорғау барысында жасалған рейд кезінде бір топ заңды бұзған азамттар әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы рейдке бірлесе қатысқан Today.kz тілшісі хабарлайды.

Today.kz тілшісі бір күндік табиғатты қорғау қызметкерлерімен бірге жасалған жұмысты өз сөзімен баяндайды: Оқиға 4-ші қараша күні Алматы облысының Балқаш ауданының аумағында рейдтік ісшаралар жүргізілген уақытта болды. Алматы қаласының РМҚМ авиациямен орман қорғау  және орман шаруашылығына қызмет көрсету Қазақ базасынан рейдтік топ Ми-8 тікұшағымен шықтық. Тікұшақ бақылауға ең ыңғайлы 200 метр биіктікке көтеріліп, әуеден рейд жұмыстарын бастады. Шамамен қаладан жүз шақырым жерге жеткенде жазық далада қозғалыссыз тұрған жол талғамайтын автокөлікті байқап, сол жерге тікұшақты қондырды.  Автокөлікті тінтіп, жүргізушімен сөйлескенімізде, ол осы маңайларда сиырлары жоғалғанын айтып, соны іздеп жүргенін айтты.

Іс-шараны ары қарай жалғастыру барысында, Көктал ауылынан 8 шақырым жерде бір топ ер адамның жиде ағаштарын кесіп жатқанын байқап, сол жерге тоқтап бірнеше заң бұзушылыққа тап болдық. Біріншіден ағаштарды кесуге рұқсат қағаздары болмаған, екіншіден жиде ағаштарын екі бензопиламен кесіп жатқан. Сосын Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нүрпейісов Мәдидің есептеуімен ол жерден үш текше метр кесілген ағаштардың болғандығы анықталды.

"Ер азаматтар кінәсін толығымен мойындады, және де оларға үш МРП айыппұл салынды. Қазақстан республикасы қылмыстық Кодексінің 340-бабына сәйкес екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады" - дейді бас маман.


Рейдтік жұмыстар барысында түс кезінде Қараой ауылында тоқтап, сол жердің аймақтық орманшылар үйінде түстендік.


Іле өзенінің бойымен жағалай бақылағанымызда, бірнеше қармақпен балық аулап жатқан балықшыларды көрдік. Заң бойынша қармақмен балық аулау қылмыс болып саналмағандықтан, ол жерге тоқтауды жөн көрмедік. Алайда, өзеннің жағасындағы жолмен келе жатақан "УАЗ" көлігін көріп  сол жерге тікұшақты қайта қондырдық. 1993, 1995 жылғы екі азаматтың өздерінде төлқұжаттары, автокөлікті басқаруға және көліктің құжаттары болмай шықты. Көлікті тінту барысында ішінде тоғыз оғы бар оның үшеуі атылған «патронтаж» табылды. Біз тоқтаған жерден 150 метрдей жерден мылтық та табылды. Екі азамат мылтық соларға тиесілі екендігін мойындады. Сол мезетте жауапкершілікке тарту мақсатында бірнеше іс-шаралар жасалды, яғни олардан түсініктемелер алынып, мылтық пен оқ салғыштары тәркіленді.


Алматы облысының мамандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Тұрсынбаев Сәкен Байғараұлының айтуынша, биылғы жылы облыста 7 рет осындай рейдтер жасалынып, 84 заң бұзушылықтардың жолын кескен. Мемлекетке келтірілген залал есебінде заң бұзушылардан 2 миллионға жуық теңге мемлекет есебіне өндірілген.


Кеш батарда, Алматы қаласындағы базаға келген кезімізде, РМҚМ авиациямен орман қорғау  және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы Төлеубекұлымен сұхбаттасып, ормандарды өрттен қорғау, браконьерлік және табиғатқа зиян келтірушілер мен жалпы базаның жұмысы туралы сұрастырғанбыз.

"Қазіргі кезде елімізде 15 орманды өрттен қорғау базаларымыз бар және де авиа базаның қорғау территориясы 8 млн 869 гектарды құрайды және де бір жылдық маусымға мемлекеттен 1 млрд 288 теңге бөлінеді. Әуеден бақылау өте тиімді, себебі: қаншалықты заң бұзушылар қашпақ болғанымен тікұшақтан қашу мүмкін емес әрі әуеден бақылып жүр деген сөздің өзі тұрғындарды заң бұзушылыққа барудан өздері-ақ тиылады", - дейді Төлеуғазы Төлеубекұлы.

Базаның басшысы осы саланың өзіндік проблемаларында айта кетті. Соңғы өткен бес жылдың қорытындысы бойынша орта есеппен жобалап қанша сағат ұшу керектігін, қанша қаражат кететіндігін саралап мемлекетке сұраныс жасаймыз және де осы қаражатты мемлекеттен аламыз, алайда бір маусымға бөлінген қаражат кей кездері жетпей де қалып жатады, сол үшінде Төтенше жағдай болып саналады. Осыған орай мемлекеттен біздің сұрайтынымыз жағдайға байланысты әрекет жасап, өрт кезінде тапшылық көрмейтіндей еркін қаржыландыру болса деген ойымыз бар, - дейді база басшысы.

Айта кету керек, осындай Ми-8 тікұшағымен бір сағат ұшу үшін 940 мың теңге қаражат жұмсалады екен. Біз шамамен үзілістерді санамағанда бес сағат ұшып, барлап қайтыппыз.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!