Қазақстандық сегіз жасар боксшы қыз минутына 100 соққы жасайды

Фотография - Қазақстандық сегіз жасар боксшы қыз минутына 100 соққы жасайды

Осы жолы ол бөренеге белсенді соққылар жасады.

331 0

 Павлодардық жас боксшы Эвника Сәдуақасова көрермендерін өзінің ерекше дарынымен таң қалдыруда, деп жазады "Экспресс К".
Еске салсақ, Эвника есімі екі жыл бұрын әкесі Руслан Сәдуақасов 3,6 млн. көрермен жинаған Қазақстандағы ең шапшаң қимылды қыз туралы видеоны Youtube-қа салған кезде белгілі болған. Жаңа роликтен сәл есейген Эвниканың техникасы одан да жақсарып, соққылары жиілей түскенін байқауға болады.
 Руслан Сәдуақасов стартап құрып, күллі әлем бойынша бұлшық ет реакциясын дамытуға арналған тренажер сатады. Ол қызы осы транжер көмегімен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізгеніне сенімді. Қазір ол минутына 100 соққы дарыта алады.
Атап өтсек, Эвника спарринг-жекпе-жектерге әзірге қатыспайды. Әкесі жас боксшыларды бастапқы дайындау кезінде жекпе-жек өткізу қажет емес деп санайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!