Еліміз жыл сайын жол апатынан 7 млрд. доллар жоғалтады

Фотография - Еліміз жыл сайын жол апатынан 7 млрд. доллар жоғалтады

Қазақстанда жол апатынан жастар, талантты адамдар опат болуда. Елдің болашағы саналатын олардың жасы 15-44 жастың аралығында

194 0

Еліміз жыл сайын жол апатынан 7 млрд. доллар жоғалтады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "Қауіпсіз жол қозғалысы" ТРАСЕКА жобасының жетекшісі Алан Росс мәлім етті.

"Шын мәнінде елдің адамдары мен экономикалары зардап шегуде. Сіздердің елдеріміздің экономикасы жыл сайын 7 млрд. доллар жоғалтады. Бұл - сіздер жолға салуға жоспарлап отырған инвестицияларыңыздың жартысы. Бұл ақшаны инфрақұрылымдар мен қызметтерге пайдалануға болар еді. Сіздердің экономикаларыңыздың 5 пайызы - бұл қазіргі дағдарыс жағдайында жол-көлік апатынан жоғалтып отырған мол қаржы", - деді ол.

Оның атап өтуінше, жол апатынан көптеген адамдарды жоғалту - бұл тек қана экономика емес сонымен бірге елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласының да күрделі проблемасы. Сондықтан А.Росс Қазақстанға халықаралық тәжірибені, әсіресе, 5 жылдың ішінде жол апатынан өлім-жітімді айтарлықтай төмендеткен Францияның тәжірибесін зерделеуді ұсынды.

"Қазақстанда жол апатынан жастар, талантты адамдар опат болуда. Елдің болашағы саналатын олардың жасы 15-44 жастың аралығында", - деп қосты ол.

Осы ретте шетелдік маман елімізде заманауи қауіпсіз жолдар салынуы қажеттігін баса айтты. "Жол салуға шығындалған 1 миллион, ауруханаларда 25 миллион үнемдеуге мүмкіндік береді. Қауіпсіз жолдар салу қажет", - деді А.Росс.


ҚазАқпарат


Тегтер:

ЖКО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!