Рухани келісім күнімен орай Қазақстан діни бірлестіктері өкілдерінің жиыны өтті

Фотография - Рухани келісім күнімен орай Қазақстан діни бірлестіктері өкілдерінің жиыны өтті

Қазақстан діни бірлестіктері өкілдерінің жиыны Бейбітшілік және Келісім сарайында өтті.

275 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері бұл мереке адамдар арасындағы жарасымдылықты іздеу, өзара түсіністікті орнату, жақыныңа қайырымдылық жасап, көмек көрсету күні ретінде жыл сайын атап өтіледі.

2015 жыл – халқымыз үшін ерекше жыл болды. Біздер – еліміздің Конституциясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығындай айтулы оқиғалардың куәгеріміз және қатысушысымыз.

Барлық қазақстандықтардың еліміздің болашақта гүлденуі үшін маңдай терін төккен әрі нәтижелі қызметі жүзеге асқан табысты бағдарламалар мен асқақ мақсаттар жылы болып Отанымыздың шежіресіне жазылады.

Біз Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел азаматтарының діни сезімдеріне құрмет пен ықыласын, қоғамдағы конфессияаралық келісімді қолдау бойынша жүргізіп отырған саясатын қолдаймыз. Біз, ортақ үйіміз, Қазақстан Республикасында адамзаттың өзара құрмет пен бір-бірін қолдайтын мәңгілік ақиқаттарына сүйеніп, мемлекеттің сарабдал саясатының нәтижесінде бейбітшілік пен келісімді қастерлеп сақтаймыз.

Елдегі рухани келісімді нығайтып, осы ұлы құндылықтарды ұрпақтарымызға табыстау арқылы "Мәңгілік Елді" құру жолында ең ұлы мақсаттарға қол жеткіземіз.

Өзіміздің мемлекетіміз бен оның ғажайып халқына деген жүректерімізде орнаған махаббат пен мақтаныш әрқашан біздерді табыстырады.

Біз елімізге бейбітшілік, жақсылық пен гүлдену тілеп, барлық қазақстандықтарды Рухани келісім күнімен құттықтаймыз! 

muftyat.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!