Астанада бес көкөніс қоймасы мен екі жылыжай салынып жатыр

Фотография - Астанада бес көкөніс қоймасы мен екі жылыжай салынып жатыр

Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы қоймалар қажет

494 0

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында елордада көкөніс қоймалары мен жылыжайлар салу жобалары жүзеге асырылуда,деп хабарлады  Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Астана қаласы Ауыл шаруашылы басқармасының хабарлауынша, азық-түлік белдеуі шекарасында, сонымен қатар Астана қаласы аумағын қосқанда 916 кәсіпорын жұмыс істейді.


Астана қаласы әкімдігі қайта өңдеу кәсіпорындары мен қаланың сауда орындарына азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында қолдау көрсетеді. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ірі сауда орталықтарында қосымша алымдар жойылды.


Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы қоймалар қажет. Қазіргі таңда қала аумағында 29 мың тонна құрайтын 7 көкөніс қоймасы ( "СЗЦ Астана Агро" ЖШС,  "Астана-Агро-АА" ЖШС,  "АгроНива" ЖШС, "Картофель и овощи" ЖШС,  "Arul communication" ЖШС,  "Целинсельмаш" ЖШС,  "Astana Food Storage" ЖШС) жүзеге асырылуда. Кәсіпорын желісін кеңейту мақсатында сақтау көлемі 14,5 мың тонна болатын 5 көкөніс қоймасы салынып жатыр. Елорда аумағында  2 жылыжай  салуды «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС және  "Наурзалина" ЖК жүзеге асыруда. Бүгінде жылына 4,8 мың тонналық қуаты бар  2 жылыжай салынып жатыр. Бұдан бөлек, жалпы көлемі жылына 10 000 тоннадан астам өнім шығаратын 7 жылыжай жоспарлану сатысында тұр.


2017 жылы барлық жобалар пайдалануға берілген уақытта қаланың жеміс және көкөніс өнімдері (60 000 тонна) мен жылыжай өнімдерін (маусымаралық  кезеңде 8000 тонна) сақтау мәселесі толықтай шешіледі деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!