Қарағандыда жаңа спорттық нысанға Головкиннің есімі беріледі

Фотография - Қарағандыда жаңа спорттық нысанға Головкиннің есімі беріледі

Боксшы дүниеге келген Майқұдықтағы спорт нысанынына берілмек.

210 0

Қарағанды қаласында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің есімі беріледі. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Боксшы дүниеге келген Майқұдықтағы спорт нысанында төрт жолақты 25 метрлік бассейн, бокс, ауыр атлетика және ойын түрлеріне арналған залдар болады. Сонымен қатар, кешен аумағында спорттық ойын алаңқайы, футбол алаңы және 140 автокөлікке арналған тұрақ салынады.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары атақты боксшының жаңа кешеннің өз есімімен аталуына келісім бергенін мәлімдеді. Кеншілер астанасының бюджеттік қаржысына салынатын жаңа спорттық нысанның жобалық құны 550 миллион теңгені құрайды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!