Алматыда "Қыс- 2015" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті

Фотография - Алматыда "Қыс- 2015" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті

Фото: ©Алмаз Төлеке

"Шымбұлақ" тау-шаңғылық курортында "Қыс- 2015" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті.

1788 0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 21 қазандағы Ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес және  басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында 2015 жылғы 6 қарашасында "Шымбұлақ" тау-шаңғылық курортында "Қыс- 2015" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті. Бұл туралы Today.kz тілшісі хабарлайды.

Іс-шараға ҚР ТЖМ, Алматы қаласының ТЖД және де "Шымбұлақ" тау-шаңғылық курорты құтқарушыларының қатысуымен өтті. 

Бүгінгі сценарий бойынша:

Бірінші, таулы аймақтарда бұғатталған транспорт кабинасынан адамдарды қауіпсіз жерге көшіру.

Екінші, қар көшкін болған кезде, қар үйіндісінің астында қалып қойған адамдарды иттердің көмегімен іздестіріп, алғашқы көмек көрсету шараларын жасау үшін үш команда жұмыс жасайды.

Үшінші, таулы аймақтарда дене жарақатын алып қалған адамға алғашқы көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге көшіру.

Төртінші, қар көшкіне қарсы жасақталған "Аваланчер" құрылғысының жұмысын бақылау.


Шымбұлақ тау-шаңғылық курорты Бас директорының орынбасары Абдрахманов Ринаттың айтуынша құтқаруға арналған жаттығулар, треннингтер жиі ұйымдастырылып тұрады. Себебі төтенше жағдайларға дайынды шаралары артық етпейді. Сонымен қатар "Шымбұлақ" тау-шаңғылық курортының дайындығы жөнінде айта кетті.

 Әлемнің отызға жуық елдерінде тұрақты түрде қолданатын "Аваланчер" құрылғысын орнаттық. Оның тиімділігі өте зор, себебі ол бағытталған жерге дөп тиіп жасанды қар көшкінін жасауға мүмкіндік береді, ал жарылмай қалғанның өзінде төрт сағаттың ішінде өзінен өзі ауаға тарап кетеді. Ал бұрындары, басқа құрылғылардан осындай жарылыстар жасаған кезде жарылмай қалған жағдайларда сол территорияны жауып, оқты іздеу жұмыстарына саперлер кірісетін, - дейді Ринат Абдрахманов.


 Қазселденқорғау және Қазгидрометтің көрсеткішіне орай (қардың көп мөлшерде түсуіне орай осы құрылғыны тұрақты түрде қолданып тұрамыз. Бүгінге жоспарланған барлық оқу-жаттығулар бағдарлама бойынша өтті, барлық құтқару қызметтері өздерінің жұмыстарын сақадай сай білетіндігін және де кез-келген жағдайларға дайын екендігін көрсетті, - дейді ТЖД подполковнигі Алпысбаев Ерік Жомартұлы

Бұрындары жасанды қар көшкінін жасау үшін тікұшақпен арнайы сол жерлерге көтеріліп, тау шыңына қарай арнайы "пушкалардан" ататын болған, алайда тікұшақты пайдалану өте қымбатқа соғатын. Тағы бір жолы болатын, ол үшін арнайы тауға шығатын альпенистттер, саперлер тау шыңына шығып жарылғыш заттарды қондыратын болған. Ендігі кезекте осы "Аваланчерді" пневматикалық пушкасын қолдануы арқылы қар көшкінін қолдан жасау оңайлана түсті. Себебі,  Бұл құрылғыны алыстан басқаруға болады, әрі бұл жарылған кезде ауаға улы заттар тарамайды, қолданысқа тиімді болуының тағы бір себебі көп қаржы жұмсалмайды, - дейді Ұлттық ядролық ғылыми-зертеу орталығының филиал директоры Масягин Данил Геннадьевич. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!