Астанада 300 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар бөлек жиналды

Фотография - Астанада 300 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар бөлек жиналды

Жоба аясында 81,2 тонна қағаз, 206,92 тонна пластик және 36,9 тонна шыны жиналып, тұрмыстық қалдықтар қайта өндеуге жіберілді

631 0

Елордада 2015 жылдың наурыз айынан бастап  қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша тұрғын үй қорында төрт түрлі (қағаз, пластик, шыны және аралас қалдықтарды) пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Пилоттық жоба аясында 54 ауданда түрлі түсті 108 контейнер: қағаз үшін - көк түсті, пластика - сары түсті, шыны - қызыл түсті және аралас қалдықтар (азық-түлік және т.б.) үшін жасыл түсті орнатылды. 

Пилоттық жоба аясында 36 тұрғын үй кешеннің аумағында 17 пәтер иелері кооперативі және «Астана-Тазарту» ЖШС мамандарының қатысуымен халық арасында насихаттау жұмыстар жүргізілді. 

Жоба аясында 81,2 тонна қағаз, 206,92 тонна пластик және 36,9 тонна шыны жиналып, тұрмыстық қалдықтар қайта өндеуге жіберілді. 

Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап  БҰҰ Даму бағдарламасы бірігуімен,  электрондық қалдықтарды бөлек жинау (керексіз электронды және басқа да электр құрылғылар мен олардың бөліктері) ұйымдастырылды. Үш тұрғын үй кешеннің аумағында және "Артем" және "Есіл" екі сауда орталықтарында арнайы экологиялық жәшіктер орнатылды. Халықты ынталандыру мақсатында ақаулы электрондық құрылғылар мен жабдықтарды тапсыру туралы тұрғындарға арнайы жеңілдіктер қамтамасыз ету үшін ALSER компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, қаланың дәріханаларында (мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар және т.б.) медициналық қалдықтарды жинауды енгізу жоспарлануда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!