Қазақстанның үздік бухгалтері миллионер атанбақ

Фотография - Қазақстанның үздік бухгалтері миллионер атанбақ

Бірінші орын иегері 1 млн. теңгені қанжығасына байлайды.

258 0

ҚР Қаржы министрлігінің "Қаржы академиясы" АҚ "Қазақстан 1С"-тің қолдауымен "Бухгалтер" кәсібі бойынша үздік" республикалық байқауын ұйымдастырып жатыр, деп хабарланды министрліктің сайтынан.  

Байқау ағымдағы жылдың 5 қарашасынан 12 қарашасына дейін өтетіні аталып өтілді. Бірінші орын иегері 1 млн. теңгені, екінші орын иесі 500 мың және үздік  үштікті тұйықтаған адам 300 мың теңгені олжалайды.

Жеңімпаз ҚР Қаржы министрлігі жанындағы  бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері бойынша кеңес беру органының мүшесі болады. Финалға шыққандарға ҚР Қаржы министрлігінің алғыс хаттары мен біліктілікті арттыру курстарына арналған сертификаттар ұсынылады. 

Марапаттау рәсімі 13 қарашада ҚР Қаржы министрлігінің ғимаратында өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!