Талғат Бигелдиновке арналған мемориалды тақта ашылады

Фотография - Талғат Бигелдиновке арналған мемориалды тақта ашылады

Салтанатты шара ертең сағат 12:00-де Қонаев көшесіндегі №153 үйде өтеді

339 0

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновке арналған мемориалды тақта оның өзі тұрған үйіне орнатылады деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты шара ертең сағат 12:00-де Қонаев көшесіндегі №153 үйде өтеді.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. 2014 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!