Қостанайда прокурорлар әлеуметтік желідегі топтарға тосқауыл қойды

Фотография - Қостанайда прокурорлар әлеуметтік желідегі топтарға тосқауыл қойды

VKontakte желісіндегі балалар арасында порнографиялық материалдарды насихаттайтын интетрнет топтарға бұғау салуды жөн деп тапты.

331 0

 Облыстық прокуратура қызметкерлері VKontakte желісіндегі балалар арасында порнографиялық материалдарды насихаттайтын интетрнет топтарға бұғау салуды жөн деп тапты. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушілікке қарсы профилактикалық жұмыстарға парнографияны, оның ішінде балалар арасында насихаттаған интернет топтарды тауып, олардың жұмысына тиым салу да жатады. Сараптау жүргізудің арқасында VKontakte әлеуметтік желісінде балалар мен жасөспірімдер арасында жыныстық қатынасты бейнелеген бейнероликтер, порнография мен педофилияны насихаттаған басқа да материалдар жіберген топтар анықталды.

Биылғы қазанның 29-ы мен 5 қарашасы арасында 26 осындай интернет топтар анықталған. Олардың 1 милионнан аса жазылушылары бар, оның ішінде 32 мыңы қазақстандық, осылардың 2,9 мыңы кәмелетке жетпегендер. Бұл топтарға қостанайлықтар да бас сұғыпты, бірақ олар барлық контенттердің 1-2 пайызындай ғана болады. Олардың жас ерекшелігі негізінен 14 пен 18 жас аралығында.

Қостанай облыстық прокуратурасының өкілі Нұрбол Әбдірахманов: "порнографияны, педофилияны насихаттаған топқа кірген балалар негізінен мектеп оқушылары. Олардың барлығының нақты кім екені анықталып, олардың  мұғалімдерімен, ата-аналарымен жұмыс жүргізілуде. Облыстық прокуратура осындай VKontakte әлеуметтік желісіндегі порнографияны, педофилияны насихаттайтын осындай топтардың жұмысын сотқа дейінгі ретпен тоқтату туралы бастама көтеріп, республиканың Бас ппрокуратурасына ұсыныс жасады. Егер  Бас прокуратура бұл ұсынысты қолдаса, алдағы күндері аталған интернет топтардың жұмысын аластайтын боламыз", – деді.

Осы тақырыпқа орай облыстық прокуратурада өткізілген баспасөз мәслихатында облыс прокурорының аға көмекшісі Ринат Кәрімов бұл жұмыстың алдағы уақытта үзбей жалғасатынын да айтты. Интернет желілерінде балалар мен жасөспірімдерге жат қылықтарды насихатайтын топтардың жұмысын тоқтату, оларға сараптама жасау бір бұл емес. Осыдан бұрын облыстық прокуратура қызметкерлері суицидты насихаттаған интернет-қоғамдастықтарға да сараптама жасап, олардың жұмысы белең алып кетпеуіне көлденең тұрған болатын.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Ринат Кәрімов: "Суицидті насихаттаған 50 топты анықтап, олардың барлығын жауып тастадық. Біз ата-аналарға олардың балалары қандай интернет қоғамдастықтардың мүшесі болып жүргенін хабарлап, көзін жеткіздік. Соның арқасында 74 жасөспірім сол қоғамдастықтардан шықты. Сонымен қатар облыстық прокуратура облыс әкімі алдына облыстық білім басқармасында интернет кеңістікке ылғи сараптама жасап, суицидті, порнографияны, педофилияны, балаларға, жануарларға азап көрсетуді насихаттайтын сайттардың пайда болуын анықтап отыратын маман бөлінуін мәселе етіп қойған болатын. Қазір ол маман жұмыс істеп отыр", – деді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!