Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы басталды

Фотография - Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы басталды

None

282 0

Бүгін Алматыда "Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" жедел-алдын алу шарасының басталғандығы жарияланды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Жолдарда жол-көлік оқиғалары мен өлім-жітімді азайтау мақсатында Алматыда 2015 жылдың 9-15 қарашасы аралығында "Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы" жедел-алдын алу шарасы өтеді", - делінген хабарламада.

Осыған орай, Алматы қ. ІІД Әкімшілік полициясы Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев статистикалық мәліметтер келтірді.

"Үстіміздегі жылдың соңғы он айының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны барлық көрсетілім бойынша азайғаны байқалады. Сонымен, есептік кезеңде ішінде адам зардап шеккен 4 704 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға аз. Ал 2014 жылы жол-көлік оқиғасынан 5 544 адам зардап шеккен болатын. Биылғы көрсеткш бұдан 7,1 пайызға аз. Сондай-ақ биыл көлік апатынан 136 адам көз жұмды. Ал бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен 20,35 пайызға аз", - деді Ж. Мұрәтәлиев

Одан басқа, алдын алу апталығы аясында әлеуметтік жарнама бойынша жастар мен студенттердің шығармашылық жұмыстары бойынша «Өзара түсіністік күні» байқауы жарияланады. Сондай-ақ, "Ең үздік автомектеп" және "Жол-патруль қызметінің ең үздік инспекторы" байқаулары да өткізіледі.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!