Ғаламторда елбасының спортзалда жаттығу жасап жатқаны пайда болды

Фотография - Ғаламторда елбасының спортзалда жаттығу жасап жатқаны пайда болды

Мемлекет басшысы жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды.

336 0

 Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Facebook-тағы парақшасына ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қатысумен видеоролик жариялады.

Президент баспасөз қызметі мен Da Gudda Jazz тобының бірлескен бейнеролигі 2013 жылы түсірілген. Видеода Қазақстанның танымал спортшыларының (Серік  Сәпиев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова, Геннадий Головкин, Гузаль Манюрова және т.б.) жетістіктері көрсетілген. Белгілі спортшылардың жаттығулары мен жеңістері ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жаттығу кадрларымен алмасып отырады.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды.

Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі - теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрады. Айта кетерлігі, теннисті көптеген саясаткерлер мен түрлі елдердің көшбасшылары ойнайды. Өз кезінде Мемлекет басшысының лайықты әріптесінің бірі Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин болды. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев матчтарға жиі қатысып, өзінің тамаша бабында екенін көрсетіп қана қоймай, жаңа бастаған теннисшілерге шеберлік дәрісін де өткізіп тұрады. Оған қоса, Қазақстанда жыл сайын ел Президентінің кубогы үшін теннис турнирі өтеді.

Президенттің тағы бір әуес ісі - гольф. Мемлекет басшысы өзге де белгілі әлемдік саясаткерлер және бизнесмендердің қатарында түрлі халықаралық турнирлерге де жиі қатысады. Өзінің айтуынша, Мемлекет басшысы алғаш тау шаңғысын аяғына 55 жасында байлапты. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевты Шымбұлақ шатқалында және басқа да таулы курорттарда жиі көруге болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!