Ақмола облысында Мәскеуге бағыт алған 54 қырғызстандық құтқарылды

Фотография - Ақмола облысында Мәскеуге бағыт алған 54 қырғызстандық құтқарылды

Жолаушылардың барлығы - Қырғыз Республикасының азаматтары. Зардап шеккендер жоқ

186 0

Ақмола облысының Аршалы ауданында Қырғызстан азаматтары отырған жолаушылар автобусынан ақау шығып,  54 адам (оның ішінде 6 бала) қауіпсіз жерге жеткізілді.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Келеңсіз жағдай бүгін түнде 03:56 минут шамасында Аршалы ауданы арқылы өтетін «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 25 шақырымында орын алған. Қырғызстан Республикасының Ош қаласынан Мәскеуге бағыт алған "Mercedes-Bens" автобусынан ақау шығып тоқтап қалған. Осыған байланысты құтқару жұмыстарына Астанадағы «№ 1Автобус паркі» АҚ-ның автобусы жіберіліп,  сынған автобуста отырған 54 адам (6 бала) жолаушыны Астана теміржолы вокзалына жеткізді.  Жолаушылардың барлығы - Қырғыз Республикасының азаматтары. Зардап шеккендер жоқ", деп көрсетілген хабарламада. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!