Астана емханаларында ашық есік күндері өтеді

Фотография - Астана емханаларында ашық есік күндері өтеді

13 қарашада "Мега" СОСО-да Дүниежүзілік Қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған акция өтеді

370 0

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Астана қаласында жыл сайын 14 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік Қант диабетіне қарсы күрес күніне орайластырылған іс-шара өтеді. Астана қаласындағы Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес, жыл басына дейін Астанада «диабет» диагнозымен 11 мың адам тіркелген, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қ. Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының эндокринолог дәрігері Жанар Ешімбаеваның сөзіне қарағанда, күн сайынғы стресс, қозғалу аз өмір сүру салты мен шаршап-шалдығу қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуінің себебі болып табылады.

13 қарашада «Мега» СОСО-да Дүниежүзілік Қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған акция өтеді. Астана тұрғындары мен қонақтары қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеріп, артериялық қан қысымын өлшете алады.

Бұдан бөлек, Астана қаласында барлық емханаларында қарашаның 10-ынан 18-іне дейін сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін эндокринологтардың консультацияларымен Ашық есік күндері өтеді. Бүгін №3 қалалық емханаға дәрігерлердің консультацияларына баруға болады. Ертең, 11 қарашада, ашық есік күндері «Ниет» отбасылық денсаулық орталығында, 12 қарашада № 2, 7, 9 емханаларда өтеді. № 5, № 1 емханалардың мамандарынан 13 қараша күні консультация алуға болады. Бұдан бөлек, пациенттерді 16 қарашада №4, 6, 10 емханалар, ал №8 қалалық емхана 18 қарашада күтеді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні аясында медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар, оқыту сабақтары өткізіліп, қант диабетінің алдын алу туралы жадынамалар, бүктемелер, кітапшалар, үндеухаттар таратылып, білім беру мекемелерінде жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, сұрақтамалар өткізіледі.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!