Алматыда Талғат Бигелдинов тұрған үйде ескерткіш тақта қойылды

Фотография - Алматыда Талғат Бигелдинов тұрған үйде ескерткіш тақта қойылды

Фото: today.kz

Салтанатты іс-шараға батырдың жары, ұл қыздары, немерелері, қала əкімі Бауыржан Бәйбек және ҚР генералдар қауымдастығы қатысты.

1607 0

Екі мəрте Кеңес одағының батыры, Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың 20 жыл бойы тұрған үйінде ескерткіш тақта ашылды. Салтанатты іс-шараға жүздеген адам қатысты. Сонымен қатар батырдың жары, ұл қыздары, немерелері, қала əкімі Бауыржан Бәйбек, ҚР Ішкі істер министірлігінің өкілдері, ҚР генералдар қауымдастығы жəне де Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы  Тоқтар Əубəкіров қатысты. Бұл туралы today.kz тілшісі хабарлайды.

Талғат Бигелдинов Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында туып өскендіктен, сол елдегі  туыстары да бүгінгі іс-шараға қатысты. Батырдың немересі (Үлкен ұлы марқұм Марат Бигелдиновтың қызы) Малика Шарматованың айтуынша, Бішкек қаласында Талғат Бигелдиновқа бюст орнатылған  және де оның анасы Бигелдинова Аизия батырдың атынан ашылған қордың Қырғызстанық филиалын ашпақ.


Қазіргі кезде батырдың атынан ашылған қордың директоры Галина Бигелдинова  ҚР генералдар қауымдастығымен біріге отырып даңқ музейінде ескерткіш орнатпақ.


Біз негізі бесеу едік, екеуі бақилық болды. Қазіргі кезде мен сосын екі әпкем бар және де оннан аса немерелері бар дейді,- батырдың ұлы Талғат Талғатұлы Бигелдинов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын Алматыда 93 жасына қараған шағында екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов өмірден озды.

Авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы Майбалық ауылында туған. Саратов және Орынбор әскери авиациялық училищесін бітірген. Балалық және жастық шақтарын Бішкекте өткізді. 16 жасында аэроклубқа оқуға түсті. 1943 жылдың қаңтарында Бигелдинов Калинин майданына келді және алғашқы шайқастарда-ақ жеңіске жетті.1944 жылдың 26 қазанында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл уақытқа дейін ол 200 әскери ұшулар жасады. Т.Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет иеленген 65 әскери ұшқыштың бірі болды. Бигелдинов Отан соғысындағы өзінің әскери жолын құрметпен аяқтап, 1945 жылдың 24 маусымында Жеңіс шеруіне қатысты. 1950 жылы Бигелдинов әскери-әуе академиясын аяқтады және 1956 жылдарға дейін КСРО Қорғаныс Күштерінің қатарында командир орынбасары және авиациялық полк штабы басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. 1956 жылы авиацияның генерал-майоры Бигелдинов запасқа кетті. 1957-1970 жылдар аралығында - Азаматтық авиацияның қазақ территориалдық басқармасының аға инспекторы және бастықтың орынбасары. 1968 жылы Бигелдинов Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітіріп, ұзақ уақыт бойы ҚазКСР мемлекеттік құрылымы жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Т.Бигелднинов сондай-ақ Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен, Отан соғысының ІІ және ІІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ, және өзге де отандық және шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!