"Air Astana" Алматы мен Тегеран арасында тікелей рейс ашуды жоспарлауда

Фотография - "Air Astana" Алматы мен Тегеран арасында тікелей рейс ашуды жоспарлауда

"Біз 2016 жылы Алматы-Тегеран және Астана-Ұлан Батыр әуе рейстерін ашуды жоспарлаудамыз", - деп атап өтті Б.Тормышева

309 0

Қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы 2016 жылы Алматы мен Тегеран арасында тікелей рейс ашуды көздеп отыр. Бұл туралы "Air Astana" компаниясының корпоративтік коммуникациялар бойынша вице-президенті Белла Тормышева мәлім етті.

"Біз 2016 жылы Алматы-Тегеран және Астана-Ұлан Батыр әуе рейстерін ашуды жоспарлаудамыз", - деп атап өтті Б.Тормышева.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында ұлттық компания Астана мен Сеул және Тбилиси арасында рейстер ашқан болатын. Қазіргі кезде Астанадан 38 бағыт бойынша 19 әуе компаниясы рейстерін ұшырады, деп жазды ҚазАқпарат.


Тегтер:

Air Astana

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!