Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығы хабарлағанындай, бұл жәрмеңкеге елорданың 25 жұмыс берушісі қатысады, 200 бос жұмыс орны ұсынылады

175 0

Елордада 18 қараша күні Жұмыспен қамту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтеді, оған қатысушылар қатарынан бірнеше жұмыс берушімен әңгімелесе алады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығы хабарлағанындай, бұл жәрмеңкеге елорданың 25 жұмыс берушісі қатысады, 200 бос жұмыс орны ұсынылады. 

Іс-шара барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары "Жол картасы 2020" бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша консультациялар беріп, жастар тәжірибесіне қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасу туралы айтып береді.

Үстіміздегі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Астанада 15 185 жаңа жұмыс орны құрылғанын атап өткіміз келеді. Жұмыссыздарды орналастыру үшін 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!