"Qazaq Air" әуе компаниясының алғашқы ұшағы Талдықорған әуежайына қонды

Фотография - "Qazaq Air" әуе компаниясының алғашқы ұшағы Талдықорған әуежайына қонды

"Qazaq Air" әуе компаниясының BombardierQ400 ұшағын облыс әкімі Амандық Баталов бастаған делегация салтанатты жағдайда күтіп алды.

940 0

Бүгін Астана қаласынан Талдықорған әуежайына өзінің алғашқы сапарын бастаған "Qazaq Air" әуе компаниясының BombardierQ400 ұшағын облыс әкімі Амандық Баталов бастаған делегация салтанатты жағдайда күтіп алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Экипаж мүшелері мен алғашқы рейстің жолаушылары болған ардагерлер қауымын талдықорғандықтар шашу шашып, үлкен қошаметпен қарсы алды. 

- Бұл шара Елбасының өткен жылғы сапарында берген тапсырмасы аясында, сондай-ақ Көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, өңірлерді дамыту мақсатында іске асырылды. Мемлекеттік бағдарлама негізінде халықты тасымалдау қызметінің сапасы жақсарып, ыңғайлы, жайлы ұшақ беріліп отыр. Талдықорған қаласына осындай жаңа үлгідегі ұшақтың ұшуы уақыт талабы деп білеміз. Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Еліміз аман болып, жақсы істер, игі бастамалар көбейе берсін, - деді тұрғындарды, зор қуанышымен құттықтаған облыс басшысы А.Баталов.

Сонымен қатар облыс басшысы Талдықорған әуежайын жаңа, заманауи кейіпке келтіру болашақта оның халықаралық мәртебеге ие болуына, Алматы облысының орталығынан Қытайға, Ресей мен Қырғызстанға рейстің қатынауына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мұнан соң «Qazaq Air» әуе компаниясының басшысы Блэр Поллок мырза қала халқының қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, облыс басшылығына, әуежай ұжымына алғыс айтты. Бұл - Қазақстан бойынша соңғы екі айда "Qazaq Air" ашып отырған он екінші жаңа рейс екен. Алдағы уақытта сұраныс артатын болса, соған сәйкес рейстердің санын да ұлғайтуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.
Бүгінге дейін Талдықорған әуежайында кеңестік кезеңнен қалған тар, моральдік тұрғыдан ескірген "ЯК-40" ұшағы қызмет атқарып келген. Енді Талдықорған өңірінің тұрғындары Астана қаласына барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған заманауи ұшақпен қатынайтын болады. Рейстер аптасына үш рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшады. Жаңа ұшақ 78 жолаушыға арналған.
Авиакомпания Астанамен ғана емес, Талдықорғанның Алматы қаласымен де әуе қатынасына қызмет көрсетпек. Алматы мен Талдықорған аралығына жолаушылар 35 минутта жетсе, елордамыз бен облыс орталығы аралығының ұзақтығы - орта есеппен 1 сағат 20 минут.
Талдықорған әуежайының ұшу және қону алаңын жаңғырту мен жаңа аэронавигациялық кешен орнатуға 11 млрд. теңге бөлініп, белгіленген жұмыстар толығымен аяқталды. Бүгінгі күні әуежайды халықаралық талаптарға сай күрделі жөндеу мен қосымша ғимараттардың құрылысын жүргізу қолға алынуда. Жөндеу жұмыстары 2016 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар облыста туризмді дамыту мақсатында Үшарал қаласына аэровокзал салу мен ұшақ қатынасын ашуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

null

 null

null null

null

 null null

 null

 null null


Тегтер:

"Qazaq Air"

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!