Нұртас Адамбай қазақстандық актерді аяусыз соққан өз адамдары екенін айтты

Фотография - Нұртас Адамбай қазақстандық актерді аяусыз соққан өз адамдары екенін айтты

Режиссер әрі актер Нұртас Адамбай аталмыш жағдайға қатысты Instagram парақшасында мәлімдеме жасады.

659 0

Кеше ғана қазақстандық актер Жан Ізбасаровтың аяусыз соққыға жығылғаны туралы жаңалық ғаламтор қолданушыларын дүрліктірген еді. Режиссер әрі актер Нұртас Адамбай аталмыш жағдайға қатысты Instagram парақшасында мәлімдеме жасады. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

"Бәрі жақсы. Қаскөйлер табылды. P.S. Видеоға актер жолдастарымыз түскен (жазбаны түсінбей қалғандар үшін)) бұл біздің фильмнің жарнамасы үшін әзірленген ролик болатын. Біз мұны құпия ұстай тұратын едік, бірақ Алматы ІІД-де істейтін достарымыз шындықты айтуға кеңес берді. Біз олардың сөзіне қарсы тұра алмаймыз) түсірілімге қатыстқан жігіттерге көп рахмет", – деп жазады Нұртас Адамбай микроблогында.

Обращение Жана)

Видео опубликовано nurtasadambay (@nurtasadambay)

Ал актер Жан Ізбасаров Instagram парақшасында орын алған жағдайды жанкүйерлерге өз аузынан түсіндіріп береді.

"Құрметті достар! Маған түк те болған жоқ. Біз жұқпалы ролик түсірдік. Маған уайымдағандарыңыз үшін алғыс айтам, енді Қазақстанда мені қорғайтын қүшті “крышам” бар екенін білемін. Рахмет", – дейді видеожолдауында Ізбасаров.

“Ауылдан қашу: Махаббат операциясы” фильміне түсірілген мұндай жарнама көрермендердің қатты сынына ұшырап, наразылығын тудырды.

Естеріңізге сала кетейік, Ғаламторда белгісіз біреу актер Жан Ізбасарды ұрып, оған "Я Сапог (Жан Ізбасардың кинодағы қаһарманының аты), я никогда не буду сниматься в кино", деп айтқызады. Сонымен бірге осы сөздерді айтқыза отырып, оны бірнеше рет ұрады.Видео опубликовано Солтанбаев Данияр (@soltanbayev)

Козлы!!!

Видео опубликовано Солтанбаев Данияр (@soltanbayev) "Келинка Сабина" мен "Побег из аула" фильмдеріне Жан Ізбасармен бірге түскен Нұртас Адамбаев әріптесін ұрып жатқан бейнероликті өзінің Instagram парақшасына орналастырған және "Жанда бәрі жақсы, рахмет" деп жазған.

Осы мәселеге қатысты, ғаламтор қолданушылар ашулы пікірлер қалдырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!