Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін бақылауды күшейтеді

Фотография - Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін бақылауды күшейтеді

Аталған іс-шараның мақсаты еліміздің автожолдарында жол-көлік оқиғаларын азайту

268 0

Астанада қарашаның 12-сінен 14-іне дейін «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аталған іс-шараның мақсаты еліміздің автожолдарында жол-көлік оқиғаларын азайту, олардың салдарларының ауыртпалықтарын азайту жол жүру ережесінің талаптарын ескергісі келмейтін жүргізушілерді анықтау.

Астана қ. ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтқандай, іс-шараны өткізу кезеңінде автожолдарда наряд тығыздығы артып, жол қозғалысын қадағалау күшейеді.

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ аясында бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жоспарланған, олар жол-көлік оқиғаларының өсуіне ықпал ететін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу жағдайларын анықтау және оның жолын кесуге бағытталған. Олар автокөлікті мас күйінде немесе есірткі шеккен күйінде жүргізу, жылдамдықты белгіленген қозғалыс жылдамдығы шегінен асыру, озу, қарсы келу, маневр жасау, жаяу жүргіншілер жүретін жолды өту ережелерін бұзу, қауіпсіздік белбеуін пайдаланбау және көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу секілді бұзушылықтар. Сонымен қатар, көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық көлік пен такис жүргізушілерінің жол қауіпсіздігі ережесін бұзуын анықтау мен оның жолын кесу бойынша рейдтер өткізіледі.

Жыл басынан бері Астана қ. ІІД ӘПБ жол-патрульдік басқармасының қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында 200 мыңнан аса жол қозғалысы ережесінің бұзылу фактілерінің жолын кесті, оның ішінде жүргізушілер 182 мың бұзушылықтарға жол берген. Жаяу жүрі бөлігінде қауіпсіз жүру ережесін бұзғаны үшін 18,5 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Жол-партуль полициясының инспекторлары түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға барып, жүргізушілермен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында профилактикалық әңгіме өткізеді.

Астаналық полицейлердің атап өткеніндей, жоспарлы профилактикалық іс-шараларды өткізу апат жағдайларын азайтып, елорданың автожолдарындағы барлық жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлық мәдениетін арттырады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!