Ақмола облысының Есіл қаласында 200 орындық балабақша пайдалануға берілді

Фотография - Ақмола облысының Есіл қаласында 200 орындық балабақша пайдалануға берілді

"Балбөбек" аталатын балабақшаның ашылуына аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, тәрбиешілер мен бүлдіршіндердің ата-аналарын құттықтады

382 0

Ақмола облысының Есіл қаласында «Балапан» бағдарламасы арқылы 200 орындық балабақша пайдалануға берілді. 
Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады."Балбөбек" аталатын балабақшаны ашу салтанатына аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, тәрбиешілер мен бүлдіршіндердің ата-аналарын құттықтады. 

Аталған балабақша 200 бүлдіршінге арналған. Құрылыс жұмыстары республикалық "Балапан" бағдарламасы арқылы бөлінген 14 миллион теңгеден астам қаржыға салынған. Нысанның пайдалануға берілуі 48 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 
Еске сала кетсек, бүгінгі күні Есіл ауданында 29 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 6-ы балабақша, 23-і шағын орталық. "Балбөбек" балабақшасының пайдалануға берілуі ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды білім беру мекемелерімен 100 пайыз қамтуға мүмкіндік беріп отыр.


Тегтер:

балабақша

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!