Алматыда ұрланған 17 жасар үйіне қайтарылды

Фотография - Алматыда ұрланған 17 жасар үйіне қайтарылды

Фото: КТК

Жас қыз ұрлағандарға қарсы шағым айтудан бас тартты.

685 1

Алматыда студент қызды алып қашқан жігіттер оны үйіне қайтарды деп мәлімдеді қалалық ІІД баспасөз қызметі nur.kz порталына.

"Күдіктілер мінген көліктің ізіне түсу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Бойжеткеннің қай жерде екенін анықтау, оны үйіне қайтару мен қылмысқа қатысы барларды құрықтау үшін барлық шаралар жасалды", – дейді қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.

Өткен түнде іздеуге шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің туыстарынан қызды өз еркімен қайтаруы дұрыс болатынына сендірген. Бүгін таңертеңге дейін бойжеткен өз туыстарына қайтарылды.

"Полицияда түсініктеме берген бойжеткен күдіктіге шағымы жоқтығын және арыз беруге ниетті еместігін айтты. Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстық істің шеңберінде жұмыстарын жалғастыруда. Қылмыстық кодекстің 125 бабы бойынша ұрлап әкеткен адамды өз еркімен қайтарған тұлға әрекеттерінен қылмыс нышандары анықталмаса, күдікті қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", — дейді майор Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда колледж студентін алып қашқан жігіттердің видеосы желіде тарағаны хабарланған болатын.




Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Aydos Kosubaev 13 қар. 2015

Несіне мәз боласың бала батыр, Үйленуге шанстар азайып бара жатыр.

Жауап беру