СҚО-да жыл басынан бері 6 мыңнан астам сәби дүниеге келген

Фотография - СҚО-да жыл басынан бері 6 мыңнан астам сәби дүниеге келген

Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,2%-ы тұрады

318 0

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 6 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан, деп хабарлайды облыстық Статистика департаментінің баспасөз қызметінен. 

"2015 жылғы 1 қазанда облысымыздағы халық саны 569,7 мың адамды құрады, оның ішінде 247,4 мың адам (43,4%) қалалық жерде, 323,3 мың адам (56,6%) ауылдық жерде тұрады. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,2%-ы тұрады. 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте жаңа туған 6211 сәби тіркеліп, 5256 өлген, 3135 некелесу және 1510 ажырасу тіркелді", делінген хабарламада. 

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2015 жылғы қазан айының соңына 1425 адамды құрады.

Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,4% құрады. Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда 12875 адам еңбекпен қамтылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!