Маңғыстау облысында 1200 орындық мектеп пен 280 балаға арналған балабақша ашылды

Фотография - Маңғыстау облысында 1200 орындық мектеп пен 280 балаға арналған балабақша ашылды

Жаңа білім мекемесінің үш қабатты ғимараты бес бөліктен тұрады

1160 0

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін орта мектеп пен 280 балаға арналған "Шағала" балабақшасы пайдалануға берілді. 

Жаңа білім мекемесінің үш қабатты ғимараты бес бөліктен тұрады. Оның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. 537 млн. теңге бөлінген. Мектеп мультимедиялық және лингафон кабинеттерімен жабдықталған, онда биология, химия, физика сияқты пәндерді оқыту үшін жаңаша жабдықталған сыныптары бар. Кабинеттер интерактивтік тақталармен жабдықталған. 

Мектеп жанындағы учаскеде спорт алаңы мен жылыжай орналасқан. Білім мекемесінің асханасына 416 адамға дейін сияды. Мектептің ашылуы жергілікті 200 адамның жұмыспен қамтылуына сеп болды. 

"Шағала" балабақшасы "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражатына салынды. Бұл мақсаттарға 401 млн. теңге бөлінді. Жаңа білім беру нысанында медициналық кабинет, музыка және спортпен айналысуға арналған залдар, балалар алаңы бар. 

"Мұнайлы ауданы құрылған кезде, 8 жыл бұрын мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамтамасыз етілу тек 1 пайызды құраған еді. Бүгінде 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 62 пайызы 30 жаңа балабақшада тәрбие алып жатыр. Бұдан басқа, жыл соңына дейін тағы екі жекеменшік мектепалды мекемені пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деп атап өтті Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!