Қазақстандағы Франция елшілігінде гүл шоқтары қойылып, шырақ жағылды

Фотография - Қазақстандағы Франция елшілігінде гүл шоқтары қойылып, шырақ жағылды

Фото: ©Алмаз Толеке

Сонымен қатар, бұл қанды оқиғаны әлеуметтік желілерде де қызу айыптап, көңіл айтып жатыр.

1401 0

Қазақстандықтар террорлық оқиғаға байланысты Франция халқына көңіл айтып, қайғыларымен ортақтасуда. Француз халқының қайғысына ортақтасып, оқиғаға бейжай қарай алмаған қазақстандықтар Астанада ҚР-дағы Франция Елшілігі мен Алматыдағы Франция Бас консулдығының ғимараты алдына гүл шоқтарын қалдырып жатыр.  

"Сұмдық оқиға. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақын, туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Осыдан бір апта бұрын ғана сапар кезінде ол жақта болып едім. Бейбіт орта, көптеген алаңсыз туристер мен балаларды көріп едім", - деп жазды ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.  

«Париж халқы, сендермен бірге егіліп отырмын...", - деп жазба қалдырған «Қазақстан Барысының» негізін қалаушы Арман Шураев.

"Террорлық әрекет Францияның әлемдегі еркіндік пен демократия бастауларының бірі болған сенімділігіне әсер етпейтініне және террорлықпен күресте белсенді бола түсетініне сенемін. Франция, бекем бол! Біз сенімен біргеміз!», - дейді келесі Интернет қолданушы Ауыл шаруашылық экс-вице-министрі, "Smart Investments" ЖШС директоры Марат Төлібаев  

Франция халқының қайғысына ортақтасып, әлеуметтік желіні пайдаланушы қазақстандықтар Франция туының белгісін өз сурет белгісіне орнатып, қайғыға ортақтасқанын білдіріп отыр.


Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қасірет құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.  

Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды", - делінген жеделхатта.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!