Астана әкімдігі Елорданы басқарудың жаңа үлгісін бекітті

Фотография - Астана әкімдігі Елорданы басқарудың жаңа үлгісін бекітті

Қалалық басқармалар саны 30-ға дейін қысқартылды

352 0

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков аппарат отырысы барысында елорданы басқарудың  жаңа үлгісін бекіткенін жеткізді. Бірқатар мемлекеттік мекемелер атқаратын қызметтерін бөлу және қосу арқылы қайта құрылды. Қалалық басқармалар саны 30-ға дейін қысқартылды.Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, Жер қатынастары басқармасы Жер инспекциясымен, Жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламаларбасқармасы - Еңбек инспекциясымен біріктірілді. Коммуналдық мүлік бойынша функциялар Мемлекеттік сатып алулар басқармасына берілді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы екіге бөлініп, біріжол салумен, ал екіншісі көлік ағындарын реттеумен айналысатын болды.

"Астана - жаңа қала" АЭА басқармасы негізінде Инвестиция және даму басқармасы құрылды. Оған туризм саласындағы функцияларқосаберілді.

Жаңабасқармаларға негізіненбұрынғы басшыларқайта тағайындалды. Жаңадан құрылған Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып Сүлейменов Еділ Нұрланұлы тағайындалды.Ол бұрын Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарғанболатын.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!