Астанада өкпені тегін тексертуге болады

Фотография - Астанада өкпені тегін тексертуге болады

Барлық кеңес алғысы келетіндер мен дәріс тыңдағысы келетіндерді №1 қалалық ауруханаға ақысыз жеткізу ұйымдастырылады

248 0

Дүниежүзілік СОӨА-ға (созылмалы обструктивті өкпе ауруы) қарсы күрес күні аясында 18 қарашада сағат 12:00-де №1 қалалық аурухана базасында іс-шара өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бұл күні Астананың тәжірибелі пульмонолог-дәрігерлері пациенттерге кеңес беріп, дәрігерлерге арнап дәрістер өткізеді. Барлық кеңес алғысы келетіндер мен дәріс тыңдағысы келетіндерді №1 қалалық ауруханаға ақысыз жеткізу ұйымдастырылады. Мына медициналық мекемелердің мекенжайлары бойынша ұйымдастырылады:


1) № 5 қалалық емхана (Ақан сері көшесі, 20) 11-ден 11:30-ға дейін


2) № 4 қалалық емхана (Шевченко көшесі, 1) 11-ден 11:30-ға дейін


3) "Шапағат" БМЖЖ Орталығы (Абылай хан даңғылы, 30) 11-ден 11:30-ға дейін


Аталған акцияның мақсаты - ауру туралы хабардарлықты арттыру, пациенттерге көмек көрсетуді жақсарту, темекіге тәуелділіктің таралуын азайтуға ықпал ету, халықтың барлық жіктерін темекіге қарсы күреске жұмылдыру, темекі тартудың алдын алу шараларын жүргізу және қоғамды темекінің денсаулыққа зияны туралы ақпараттандыру екенін атап өтеміз.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!