Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Фотография - Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Салтанатты шара шымылдығы найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының оқуындағы қасиетті Құран аяттарымен ашылды.

1536 0

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Абай ауылында сәні мен салтанаты жарасқан "Аманта" атындағы жаңа мешіт ашылды.

Салтанатты шараға  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, қоғам қайраткері Асқар Құлыбаев, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және жергілікті жұртшылық қатысты.

Салтанатты шара шымылдығы "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы, найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының оқуындағы қасиетті Құран аяттарымен ашылды.

Бұдан кейін құттықтау сөз алған ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. "Мешіт – елдің бірлігі мен ынтымағына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алатын ошағына айналуы тиіс", – деді Бас мүфти. Осыдан кейін мешіттің кітапханасына қасиетті Кәләм шарифті сыйға етті.

Сондай-ақ, мешіттің ашылу салтанатына елімізге танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев, ақын Балғымбек Имашев, "Қоңыр" тобы сынды өнер жұлдыздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Аталмыш мешіт осы ауылдың тумасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтың демеушілігімен салынды. Мешіт киелі Қазығұрт тауының етегінде, үлкен жолдың бойында орналасқан. Ғибадат үйінің сыйымдылығы 400 адамға арналған. Мешіт бүгінгі заман талабына сай етіп жасалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!