Елорда имамдарына арналған семинар өтуде

Фотография - Елорда имамдарына арналған семинар өтуде

сурет Muslim.kz сайтынан

Елорда мешіттерінің имамдары мен ұстаздарына арнайы мамандар мен ғалымдар түрлі тақырыптарда баяндама жасайтын болады

345 0

Бүгін Астана қаласы имамдарының біліктілігін арттыруға арналған "Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар" тақырыбындағы екікүндік семинар өз жұмысын бастады.  Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

Астана қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинар барысында Елорда мешіттерінің имамдары мен ұстаздарына арнайы мамандар мен ғалымдар түрлі тақырыптарда баяндама жасайтын болады.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Закарьянов Төлеген Кабыкенұлының алғы сөзімен басталған семинардың алғашқы күні қатысушыларға ҚР Президенітінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин мен «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректор кеңесшісі, танымал дінтанушы Мұхитдин Исаұлы дәріс жүргізеді.

Сондай-ақ, семинар барысында Төлеген Закарьянов пен ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" Орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Тағанұлының қатысуымен екіжақты меморандумға қол қойылатын болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!