Алматы метросы 100 пайыз қауіпсіз аймаққа айналуда

Фотография - Алматы метросы 100 пайыз қауіпсіз аймаққа айналуда

Кездесу барысында журналистерге жаңа рентген-теледидарлық қондырғы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қондырғыларды таныстырды.

1518 0

Алматы метрополитені 100 пайыз қауіпсіз аймаққа айналуда, метро аумағында бақыланбайтын жер жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда журналисстермен өткен пресс-тур барысында КМК "Метрополитен" мемлекеттік кәсіпорнының директоры Айдын Оразханов мәлім етті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Бұрындары аркалы металл іздегіш арқылы өткен кезде қондырғы сигнал берсе ол адамды тоқтатып құқық қорғау қызметкерлері тексеретін. Бір апта уақыт болды осындай қондырғыларды орнатқанымызға. Енді орнатып, енді пайдаланудамыз. Қарбалас сәттер де барлығын тексеруге болар еді, алайда ол көп уақытқа созылады әрі асығыс адамдар арасында шу шығуы мүмкін. Сондықтан да біз тағы бір қондырғыға ие болдық. Ол "Тайфун" деп аталатын детектр иіс арқылы адамның жарылғыш заттармен жұмыс жасағаны жөнінде хабарлайтын болады. Егер ондай жағдайлар туындап жатса ол адамның  заттарын арнайы әуежайдағы багажды тексеретін қондырғы сияқты аппаарттан тексерілетін болады. Қондырғылардың барлығы Германиядан 150 миллион теңгеге сатып алынды. Қаржы Алматы қаласының бюджетінен бөлінді. Рентген-теледидарлық аппарат барлық 9 стансадағы 13 вестибюльге орнатылды. Өндіруші зауыт берген кепілдік мерзімі - 3 жыл", - дейді метро басшысы.


Сонымен қатар біз тағы портативтік детектрге ие болдық. Бұл "Sabre 5000" аппараты жарылғыш заттарды, улландырғыш және токсикалық заттектерді және наркотикалық заттарды анықтайды. Яғни үш режимде жұмыс жасайды. Қондырғы 40 қа жуық заттарды анықтауға аранлған, ал егер тағы бір заңға қайшы заттар шығып жатса оны да анықтау үшін осы аппаратқа қосып қоюға  болады. Өзі жеіңл қолданысқа өте тиімді.Енді метрода кептеліс орын алмас үшін жолаушылар іріктеліп тексерілетін болады. Негізінен жүгі бар жолаушылар тексеріледі.Белгіленген қауіпсіздік шараларының сарғылт, сары және қызыл түстер бойынша жұмыс жасаймыз, әзірше сарғылт түспен (іріктеп тексерудеміз) жасаудамыз", - дейді  КМК "Метрополитен" транспорттың қауіпсіздік бөлімінің басшысы  Масляников Александр Михайлович

Метро әкімшілігі жолаушыларды тексеру шараларына түсіністікпен қарауға шақырды. 

Айта кету керек, Алматы метрополитені күніне қырық мың адам тасымалдайдыү

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!