Журналистер арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы байқау жарияланды

Фотография - Журналистер арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы байқау жарияланды

Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады

507 0

Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен.

Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық - орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген.

Үміткерлер Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем Кубоктарына, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.), қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) т.б. насихаттау сынды тақырыптарды қамтуы тиіс. Сондай-ақ елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оның шешу жолдарын көрсету, 2016 жылғы Рио-Де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арналған лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) құпталады.

Байқауға 2015 жылы шыққан авторлық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.) да қатыса алады.

Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 үй, 11 қабат, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметіне ("2015 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға" деген белгімен) қабылданады. Қабылдау мерзімі - 2015 жылдын 5 желтоқсанына дейін.

Байқаудың жеңімпаздары "Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты" арнайы төсбелгісімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!