Бос орындар жәрмеңкесіне мыңға жуық астаналық қатысты

Фотография - Бос орындар жәрмеңкесіне мыңға жуық астаналық қатысты

Жәрмеңкеге барлығы 280 бос орын ұсынылды

284 0

Астана қаласында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған елорданың 23 кәсіпорны қатысты, Астана қаласында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация алу үшін мыңға жуық адам келді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Жәрмеңкеге барлығы 280 бос орын ұсынылды, олардың арасында аспаз, пісіруші-кондитер, жүргізуші, бухгалтердің көмекшісі, бағдарламашы және АТ маман, тігінші-оператор, құрылыс ұйымдарының жұмысшылары және т.б. бар. 

Жәрмеңкеге келушілер Астана әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы көрсететін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Жәрмеңкеге келген 1000 қалалықтың 968-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша консультация алды, 390-ы жұмыс берушіге консультацияға жіберілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!