Панфиловтың немересі Путиннен көмек сұрап, хат жазды

Фотография - Панфиловтың немересі Путиннен көмек сұрап, хат жазды

Бүгінде жеке басының пайдасы үшін тарихты бұрмалап, батырлардың есімін өзгертіп жатқаны жанға батады.

200 0

Иван Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жазды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

"28 панфиловшылар дивизиясы Мәскеуді қорғап қалу үшін өмірін қиғаны бәріне белгілі. Бірақ, бүгінде жеке басының пайдасы үшін тарихты бұрмалап, батырлардың есімін өзгертіп жатқаны жанға батады. Онда атам Иван Панфиловтың ерлігіне ғана емес, бүкіл дивизияның ерлігіне күмән келтіріліп отыр. Соны ескерсеңіз екен деймін", – деді Айгүл Байқадамова Путинге жазған хатында.

Сонымен қатар, Байқадамова Мироненко мен Артизованы жауапкершілікке тартуды сұрайды. Айтуынша, 1948 жылы тергеу кезіндегі анықтамаға сүйеніп, 2001 жылдан бері 28 панфиловшылар дивизиясының ерлігін жоққа шығарып, ел арасында тарихқа қатысты арандатушылық жасап жатыр.

Осы жылдың сәуір айында  "Коммерсантъ" басылымына  Сергей Мироненконың сұхбаты шыққан. Онда Мироненко  неміс танкілерімен бүкіл полк соғысып, 100 адам қаза болғанын айтқан.

"Сол кездегі саясат бойынша  батырлар ойдан шығарылған. Соның бірі – 28 панфиловшылар гвардиясы"- деп көрсеткен ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!