Қазақстанға келетін еңбек мигранттарының 15 пайызы жұқпалы ауруларға шалдыққан

Фотография - Қазақстанға келетін еңбек мигранттарының 15 пайызы жұқпалы ауруларға шалдыққан

Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді

230 0

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен "Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау" атты аймақтық кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді», - деді А. Цой.

Вице-министр әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстан жыл сайын 300-500 мыңнан 1 млн-ға дейін еңбек мигранттарын қабылдайтынын, олардың 15 пайызы жұқпалы аурулармен, оның ішінде туберкулез және АИТВ-мен ауыратынын жеткізді. Отандарына ауруы анықталған 10 адамның көп дегенде біреуі ғана қайтарылады. Өзге мигранттар еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне өз ауыртпашылығын жүктеп отыр. Шамамен мигранттар ағынының үштен бір бөлігі 2 ірі қаланың еншісінде: Алматы және Астана.

Республикада туберкулезбен сырқаттанған мигранттарға туберкулезге қарсы көмек шаралары ДДСҰ Еуропалық Аймағындағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл - мигранттар арасындағы туберкулез бен көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Шаралар ЖИТС, туберкулез, безгек ауруларымен күрес бойынша Жаһандық қор грантының шеңберінде денсаулық сақтау саласында білім беру және қайырымдылық шараларын өткізумен айналысатын халықаралық үкіметтік емес "Project HOPE" (Проект ХОУП) гуманитарлық ұйымымен бірлесе отырып жүргізіледі.

Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бойынша кешендік жоспар жүзеге асырылуда. Аталған жоспарға мигранттар арасында туберкулезді емдеу мен алдын алу бойынша қызметтерді жетілдіру, жоғарғы деңгейде кездесулерді ұйымдастыру арқылы аймақтық диалогқа бастамашылық ету шаралары кіреді.

Кездесу аясында екі күннің ішінде жұмыс топтарында және пленарлық отырыстарда жуық арадағы 12 айға жұмыс құралы болатын Әрекеттер жоспары (Жол картасы) талқыланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда "Project HOPE" өзінің туберкулезбен күрес бағдарламасын 1993 жылдан бастаған болатын. Сол уақыттан бері туберкулезді бақылау бойынша әртүрлі жобаларды енгізуге қатысып келеді. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші мамандары, денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен айналысатын министрлік пен ведомстволардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, көші-қон халықаралық ұйымы және ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының, сонымен қатар ҮЕҰ өкілдері қатысты.


Тегтер:

мигранттар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!