Астанада жыл соңына дейін үш балабақша ашылады

Фотография - Астанада жыл соңына дейін үш балабақша ашылады

Бүгінгі күні мемлекеттік балалар мекемелеріне мектепке дейінгі жастағы 64,5% бала шоғырландырылған

295 0

Астанада балабақшаларға қосымша жинақтау аяқталды. Балаларды оқыту мекемелеріне бөлінген орындар есебінен үш мыңға жуық бала қабылданды.

Астана қаласы Білім басқармасы атап өткендей, бүгінгі күні мемлекеттік балалар мекемелеріне мектепке дейінгі жастағы 64,5% бала шоғырландырылған. Астана қаласында 80 мемлекеттік балабақшадан басқа 76 жекеменшік, 5 кешенді мектеп-балабақша мекемесі, сондай-ақ 25 шағын орталық жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда балабақшаға кезекте 87 641 бала тұр, деп хабарланған елорда әкімдігінің сайтында. 

Мемлекеттік балабақшаларға кезек баланың туған жылы бойынша жүргізіледі. Кезек нөмірі ата-ананың баланы балабақшаға кезекке қоюға хабарламаны қаншалықты ерте алғандығына байланысты. Алайда мұның бір маңызды тұсы бар: балаларға балабақшаға орын екі жастан бастап берілетіндіктен, алғашқы екі жыл бойында кезек жылжымайды. Мектеп жасына жеткенге дейін тіркелген балалардың кезегі сақталады.

Айта кетейік, 2015 жылдың аяғына дейін балабақшалардағы орын тапшылығын азайту үшін үш балабақшаны №15 "Дарын", №82 "Ай ару" және №86 "Зияткер" балабақшаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

2016 жылы 1520 орынға арналған мемлекеттік тағы алты балабақша және балабақшаға 60 орындық қосымша ғимаратты ашу жоспарланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!