Алматыда қолайсыз ауа райы салдарынан 12 әуе рейсі кейінге қалдырылды

Фотография - Алматыда қолайсыз ауа райы салдарынан 12 әуе рейсі кейінге қалдырылды

12 рейс – тоғыз ішкі, үш халықаралық рейс кейінге қалдырылған.

273 0

Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығы салдарынан 12 авиарейс ұшырылымы тоқтатылды. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Әуежай анықтамалық бюросының хабарлауынша, 12 рейс – тоғыз ішкі, үш халықаралық рейс кейінге қалдырылған. Сонымен 20 қарашаға қараған түні Астана, Тараз, Павлодар, Жезқазғаннан ұшатын рейстер кейінге шегерілді.

Сондай-ақ Алматы-Мәскеу, Алматы-Хошимин, Алматы-Ыстамбұл халықаралық рейстері тоқтатылып, Үрімжіден рейс кейінге қалдырылды.

Алматыда 20 қарашаға қараған түні қалың тұман түсіп, ауа температурасы +6 +8-ді құрады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!