Ақтөбе облысында 4,7 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі

Фотография - Ақтөбе облысында 4,7 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы Бердібек Сапарбаев мәлім етті

357 0

Ақтөбе облысында 4,7 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында осы өңірдің әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

"Бүгінде 343,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 476 мың шаршы метрден кем болмайды. Нәтижесінде біз 4700 отбасын пәтермен қамтамасыз етеміз",-деді Б. Сапарбаев.

Әкімдік мәліметінше, 2015 жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының орындалған көлемі 101,1 млрд. теңгені құрады. Тұрғынүйқұрылысжинақтау жүйесі арқылы өңірлер арасында Ақтөбе облысы 145 мың шаршы метр көлемімен екінші орында тұрған көрінеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!