ҚТЖ: Жыл басынан бері жолаушылар пойызында 7 сәби дүниеге келді

Фотография - ҚТЖ: Жыл басынан бері жолаушылар пойызында 7 сәби дүниеге келді

"Астана - Алматы-2" хабарындағы "Тұлпар - Тальго" пойызында Арлен есімді сәби дүниеге келді. Оның есімі жолсеріктің құрметіне қойылған.

395 0

Жыл басынан бері "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жолаушылар пойызында 7 сәби дүниеге келген, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

 Кеше кешкісін "Ақтөбе - Астана" хабарындағы "Тұлпар-Тальго" пойызындағы жолаушы жас әйелдің толғағы келді. Жолаушылар арасында медициналық қызметкердің болмауы, ал ең жақын деген Әйтеке би - Тобыл өтпесіне дейін кем дегенде 4 сағаттық жолдың бары жағдайды ушықтыра түсірді.

Пойыз бригадаларының ойлануға уақыты болмады, себебі жас ана жағдайы кезек күттірмеді. Жолсерік Айнұр Аймағамбетова әйелді жеке купеге ауыстырды. Түңгі екіде сол купеден сәбидің іңгәлаған даусы естілді. Станцияға келісімен, ана мен жаңа туған Әлімханды «Жедел жәрдем» медициналық қызметкерлерінің қолына тапсырды.

Мұндай жағдай біраз уақыт бұрын "Астана - Түркістан" хабарындағы пойызда да орын алған. Онда таң сәріде ер бала дүние есігін ашты. Жолаушылар балаға бірден Ақжол есімін қойды. Шу станциясында сәби мен оның анасына керекті көмектер көрсетілді.

Биылғы жылдың қыркүйек айында "Астана - Алматы-2" хабарындағы "Тұлпар - Тальго" пойызында Арлен есімді сәби дүниеге келді. Оның есімі жолсеріктің құрметіне қойылған.

Сексеннен астам алғыс хат "ҚТЖ" ҰК" АҚ-на қазақстандық пойыз жолаушыларынан келіп түскен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!