Алмалы ауданы "Балаға мейірімді аудан" атанды

Фотография - Алмалы ауданы  "Балаға мейірімді аудан" атанды

"Балаға мейірімді қала" бастамасына Қазақстанның 21 қаласы мен ауданы қатысуда.

844 0

"Балаларға мейірімді қала" халықаралық бастамасы елімізде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті облыстар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанында бастаманы іске асыру бойынша министрліктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың және БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілдігінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.


Астана қаласындағы "Сарыарқа" әкімдігінің мәжіліс-залында өткен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) кеңесінің және ведомствоаралық жұмыс тобының «Балаға мейірімді қала" бастамасын жүзеге асыру жөніндегі кеңейтілген отырысында Алмалы ауданы әкімінің аппараты "Балаға мейірімді аудан" деген атаққа ие болды. Айта кетер жайт, марапаттау рәсімінің Дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күнімен тұспа-тұс келуінің терең мағынасы бар. Сондай-ақ, бұл еңбек – 2009 жылы Алматы қалалық Балалардың құқықтарын қорғау Департаментімен жасалған Меморандумның, соған сай бекітілген іс-шаралар жоспарының есебін шығарудан бастау алған алты жылдық жұмыстың нәтижесі.

"Балаға мейірімді қала" жобасын жүзеге асыру барысында 2012 жылдан бастап Алмалы аудандық әкімі аппаратының биылғы жылдың сәуір айында қайта жаңартылған жұмысжоспары мен Стратегиясы әзірленді.

Алматыдағы Алмалы ауданы Қазақстан қалаларының арасында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) "Балаға мейірімді қала" халықаралық бастамасына бірінші болып қосылғандардың қатарында болғанын ерекше айтуға болады. Қазіргі таңда әлемнің 60-тан астам елінің қалалары қатарында "Балаға мейірімді қала" бастамасына Қазақстанның 21 қаласы мен ауданы қатысуда. Біздің ауданмен қатар, Қарағанды облысының Нұра ауданы да "Балаға мейірімді аудан" атағына  ие болды. Сондай-ақ, "Балаға мейірімді қала" атағы – Астана, Екібастұз, Қызылорда қалаларына берілді.

"Балаға мейірімді қала" халықаралық бастамасын жүзеге асырудағы маңызды рөлбалалардың болашағын қалыптастырып, дамуына сүбелі үлес қоса алатын жергілікті атқарушы органдарға берілді. Өйткені, балалар – еліміздің жарқын болашағы. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!