Астанада еңбек миграциясы мәселелері талқыланды

Фотография - Астанада еңбек миграциясы мәселелері талқыланды

Іс-шарада еңбек мигранттарының әлеуметтік-мәдени бейімделуі және еңбек миграциясының әлеуметтік тұрақтылыққа тигізер әсері сөз болды

281 0

 Елордада «Астана қаласында еңбек миграциясы бағытында мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың бірлескен жұмысы және ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар, халықаралық көші-қон ұйымдары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы, дипломатиялық корпустар, Астана қаласының Ішкі істер департаменті, Көші-қон басқармасы, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мигранттардың жұмыс жағдайлары, олардың құқықтық сауаттылығы, жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынасы мәселелерін, сондай-ақ олардың қызметтерін заңдастыру жолдарын қарастырды.

Іс-шарада еңбек мигранттарының әлеуметтік-мәдени бейімделуі және еңбек миграциясының әлеуметтік тұрақтылыққа тигізер әсері сөз болды. - Қазақстандағы экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатының артуы, ең алдымен, Орталық Азия елдерінен: Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан мигранттардың көптеп келуіне түрткі болды. Десек те, еңбекші-мигранттардың қызметі көбіне экономиканың «көлеңкелі» тұсында қалып отыр және олардың көбінің мәртебесі реттелмеген, - деп атап өтті кездесу модераторы, Астана қаласы Қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов. Бұл мәселені шешу мақсатында биыл тамыз айында Астана қаласында "Еңбекші-мигранттарды қолдау және оқыту орталығы" құрылған болатын. Орталықта мигранттар ақпараттық-құқықтық және әлеуметтік көмек, базалық жұмысшы мамандықтар бойынша негізгі білім алады, сондай-ақ балаларды қалалық мектептерге орналастыруға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар орталықта еңбек көші-қоны саласындағы зерттеулер мен БАҚ-пен мигранттарға қатысты қалыптасқан теріс көзқарасты жоюға, мигранттар мен жергілікті азаматтар арасындағы ықтимал жанжалды азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

- Бүгінгі таңда мигранттар мәселесімен үкімет, мемлекет қана емес, қоғамдық ұйымның да айналысатыны қуантарлық жағдай. Бұл аса маңызды мәселе қоғамдық қолдаумен шешілетін жағдайға жетті деген сөз. Бүгін осы жерге біреудің ңұсқауымен емес, бұл мәселе халықтық сипатқа ие болғандықтан және оны жқмылы шешу керек екендігін сезінгеннен келіп отырмыз», - деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар еңбекші-мигранттарға қатысты мәселелерді шешу жөніндегі тұрақты кеңес құру туралы бастаманы көтерді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!