Дариға Назарбаева әйел-саясаткер болудың қиыншылықтарын айтты

Фотография - Дариға Назарбаева әйел-саясаткер болудың қиыншылықтарын айтты

Фото: ©Арман Мухатов

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет арзымайтын жұмыс және әрдайым сынмен байланысты.

1601 0

Іскер әйелдер қауымдастығы Президент сенім артқан қос қанатының бірі болып табылады. Бұл туралы IV еуразиялық әйелдер саммиті барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева атап өтті.

"Әйел адам бизнесте, мен айтпай ақ білесіздер, бұл 24 сағат тәулігіне, аптасына жеті күн бойы: ақшаны салдым, ақшаны несиеге алдым, ұйқы жоқ, тыным жоқ, жұмыс тек жұмыс жасау керек. Әйел отбасында - 24 сағат тәулігіне: ол жұмыс жасап үлгереді, балаларға қарайды, қүйеуіне қарайлайды және күйеуінің көптеген туыстарына қарайласады. Әйел адам саясатта - олда 24 сағат (...) жиналыстан жиналыс, мәсеелден мәселе, сұрақтан сұрақ. Үйге келісімен осы мәселенің шешімімен айналысамыз және таң азанымен осы мәселемен оянамыз",- деп мысал келтірді Назарбаева.
"Құрметті әйелдер қауымы, сіздерді шуақты астанамызда көріп отырғаныма өте қуаныштымын. Соңғы 15-20 жылда Астананың ауа райы қатты өзгерді, себебі бұл шаһарға аса дарынды жандар жиналып, белсенді қуатты энергетика қалыптастырды, Астана айналасында керемет орман көркейіп келеді. Осы қалада жұмыс істеу мен үшін аса қызық. Сіздерді Астана төрінде қарсы алғаныма қуаныштымын", - деді Д.Назарбаева саммит қатысушыларына.
Сондай-ақ вице-премьер биыл Іскер әйелдер қауымдастығына 20 жыл толғанын атап өтті.
"20 жыл – мұндай ұйым үшін тым үлкен жас емес. Мен Мәңгілік Ел мұратымыз сияқты, Қауымдастықтың да мәңгі болғанын қалаймын. Президентіміздің екі мықты қанаты бар, оның бірі – Іскер әйелдер қауымдастығы", - деп қосты Д.Назарбаева.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада IV Еуразиялық Әйелдер саммиті өз жұмысын бастады. Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына арналған саммит жұмысына 500-ден аса нәзік жанды қатысуда. Олардың 400-ден астамы еліміздің әр өңірінен келіп отыр.
Саммит аясында бірнеше шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде. "Нұрлы жол-Жаңа мүмкіндіктер" атты халықаралық конференциясы, "Бизнестегі әйел-20 қазақстандық бренд" атты отандық өндірушілер көрмесі өтеді. Сондай-ақ,"Қазақстанның қанатты әйелдері" және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының 20 жылдық қызметінен сыр шертетін "Жан қанаты" атты кітаптардың тұсауы кесіледі. Кеш соңында аймақтардағы көшбасшыларды арнайы медальдармен марапаттау жоспарланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!