СҚО-лық кәсіпорын жыл соңына дейін жалпы өнімді 117 млн жұмыртқаға жеткізбек

Фотография - СҚО-лық кәсіпорын жыл соңына дейін жалпы өнімді 117 млн жұмыртқаға жеткізбек

фото: Светлана Боярская

Құс фабрикасының басшысы Александр "Құрметті құс өсіруші" атағына ие болып отыр.

157 0

Еліміздің солтүстік өңіріндегі "Алекри" фирмасының құс фабрикасы жыл соңына дейін жұмыртқа өнімін 117 млн-ға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
"Алекри" фирмасының директоры Александр Прядконың айтуынша, 20 жыл бұрын ол инженер гидротехник бола тұра, құс өсіру шаруашылығына қызығушылық білдірген екен. Ал қазір Александр "Құрметті құс өсіруші" атағына ие болып отыр.
"Корпусты жалдап алдым. Онда 40 мың мекиен болды. Бірақ, шаруашылықтың тозығы әбден жеткен екен. 40 жыл бұрынғы жабдықтар қолданылды. 90-жылдары қолымыздан келгенін ғана жасай алдық. Ал 2000 жылдардан бастап мемлекет тарапынан қолдау көріп, құс фабрикасын біртіндеп жабдықтай бастадық. 2006 жылы корпусты қайта құрғаннан кейін, екіншісінің құрылысын бастап жібердік. Испания, Гермения, Украинадан жаңа жабдықтар ала бастадық. Заманн ағымына ілесе жүру үшін тек жаңа технологиялар мен жаңа жабдықтарды таңдаймыз. Мәселен, қазір Қазақстанда енгізіліп жатқан жарықдиод жарықтандыруын алғашқылардың бірі болып орнатып қойдық", - дейді А.Прядко.
Прядконың мәлімдеуінше, фабрика 120 мың мекиенге шақталған. "Құс өсіру шаруашылығымен бірге диқаншылықты да бірге алып жүруді жөн көрдік. Жемдеу базасын толық қамтамасыз ету үшін 6 га жер телімі мен қажетті барлық техника түрлері бар", - дейді А.Прядко.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!