Семейде жаңажылдық шырша Тәуелсіздік күнінен кейін орнатылатын болды

Фотография - Семейде жаңажылдық шырша Тәуелсіздік күнінен кейін орнатылатын болды

Жаңажылдық шыршаны орнату күні қала әкімі Ермак Сәлімовтің тапсырмасымен 17 желтоқсан деп бекітілген.

1037 0

Семейліктер жаңажылдық шыршаны Тәуелсіздік күнінен кейін орнатпақ. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Орталық алаң мен алаңға қойылатын шыршаны безендіру жұмыстары Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін басталады. Мұндағы мақсат – жас ұрпаққа Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, олардың бойында ұлтжандылық сезімін ояту", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Жаңажылдық шыршаны орнату күні қала әкімі Ермак Сәлімовтің тапсырмасымен 17 желтоқсан деп бекітілген. Осылайша, Семей әкімдігі "Нұр Отан" партиясының Жаңа жыл мерекесіне дайындықты Тәуелсіздік күніне дейін бастамау туралы ұсынысын қолдап отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!