Шымкентте "Елбасы және Оңтүстік" атты фотокөрме ашылды

Фотография - Шымкентте "Елбасы және Оңтүстік" атты фотокөрме ашылды

Көрмеге қойылған суреттерде Президенттің кәсіпорын ұжымымен, жастармен және қарапайым еңбек адамдарымен кездескен сәтіндегі суреттер бар.

439 0

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында Елбасының өмірі мен қызметіне арналған "Елбасы және Оңтүстік" атты фотокөрме ашылды.

Фотосуреттер көрмесінде Мемлекет басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына келген жұмыс сапары және өңірдегі әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралаған сәттері бейнеленген. Суреттерді жергілікті фотографтар түсірген. 

Көрмеге қойылған суреттерде Президенттің кәсіпорын ұжымымен, жастармен және қарапайым еңбек адамдарымен кездескен сәтіндегі көңіл-күйі бейнеленген.
Шараға келген қонақтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Елбасының тәуелсіздік тұғырын тұрақты етуге және еліміздің әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтеруге қосқан сүбелі үлесі мен еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Көрме 10 желтоқсанға дейін жалғасын табатын болады.

null

 null

 null

null 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!