Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 18 әуе рейсі кешіктірілді

Фотография - Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 18 әуе рейсі кешіктірілді

Алматыда кеше түннен бері қою тұман түсіп тұр

340 0

Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 18 авиарейс кешігіп, 6 рейс тоқтатылды.

Алматы әуежайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, Алматыда Астана мен Орал қаласына ұшатын рейс тоқтатылды. Семей, Астана (2), Атырау қалаларына ұшатын рейстің уақыты кешіктірілді. Одан бөлек Үрімжі, Дубай халықаралық рейстері де бар.

Сондай-ақ, Қостанай, Павлодар, Астана (4), Ақтау, Шымкент, Семей,  қалаларынан келуі керек ұшақ уақытынан кешігіп жатыр. Олардың ішінде Пекин, Ашхабад қаласынан келетін халықаралық рейстер бар.

Сондай-ақ, Астана-Алматы, Орал-Алматы рейстері тоқтатылды.

Айта кету керек, қаланы қазір қалың тұман басқан. Ауа температурасы  -5 градусты көрсетіп тұр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!